Құли Есенбай Ізтөреұлы

    Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Құли Есенбай Ізтөреұлы
    Бөлім басшысы

    Құли Есенбай Ізтөреұлы

    Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Құли Есенбай Ізтөреұлы - 1976 жылы 29 қазанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. 2001 жылы «Қайнар» Университетінің Ақтаудағы филиалын заңгер-құқықтанушы мамандығымен бітірсе, 2014 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетін «менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 1994-1995 жылдары Сағыз ауылындағы «Шұғыла» мәдениет үйінде әдіскер қызметінен бастаған.

    1995-1998 жылдары Ақтау қаласы Маңғыстау облыстық халықаралық шығармашылық орталығында көркемдік жетекші қызметін атқарған.

    1999-2002 жылдары Ақтау қаласы Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығында автоклуб меңгерушісі қызметін атқарған.

    2003-2004 жылдары Ақтау қаласы «СМУ-10» АҚ, өндірістік-техникалық бөлімінде инженер қызметін атқарған.

    2004-2008 жылдары Ақтау қаласы Маңғыстау облыстық филармониясында режиссер қызметін атқарды.

    2008-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы ауданы филиалы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

    2015 жылдан бастап Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері