Мушагалиев Сакен Силыбаевич

    Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысының орынбасары

    Заместитель руководителя

    Мушагалиев Сакен Силыбаевич

    Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Мушагалиев Сакен Силыбаевич, 1985 жылы туған. Жоғары білімі бар — Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін (2008 ж.) және Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын (2010 ж.) бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Алдымен жеке секторда жұмыс істеп, кейін экономикалық және қаржылық қылмыстармен күрес органдарына қызметке ауысқан. Қаржылық тергеу департаментінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Оперативтік-іздестіру жұмыстары, экономикалық қылмыстарды тергеу және бөлімшелерді басқару саласында мол тәжірибесі бар. Қызмет барысында инспектордан департамент басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өткен.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері