
Басшы
Жунусов Арман Оразұлы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп - тексеру департаменті басшысы
Өмірбаян
Туған күні: |
26 маусым 1977 ж. |
Білімі : |
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (1999 ж.) |
Мамандығы |
Қаржы және несие, Құқықтану, Құқықтану магистрі |
Еңбек өтілі
| Қабылданған күні | Босатылған күні | Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері |
|---|---|---|
| 01.09.1994 ж. | 01.06.1999 ж. | С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті |
| 02.06.1999 ж. | 30.06.1999 ж. | Уақытша жұмыс істемеген |
| 01.07.1999 ж. | 01.02.2000 ж. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының ШҚО аймақтық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасының тағылымгер-эксперті |
| 01.02.2000 ж. | 01.07.2002 ж. | Сарапшы, аға сарапшы – жоғарыда аталған зертхана |
| 01.07.2002 ж. | 01.12.2003 ж. | Бас сарапшы – жоғарыда аталған зертхана |
| 01.12.2003 ж. | 01.11.2004 ж. | Бас сарапшы, жетекші сарапшы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласындағы аймақтық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы |
| 01.11.2004 ж. | 01.03.2007 ж. | Астана қаласындағы аталған зертхананың бастығы |
| 07.03.2007 ж. | 19.07.2007 ж. | Астана қаласы бойынша Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі 2-бөлімнің тергеушісінің міндетін атқарушы (қаржы полициясы) |
| 19.07.2007 ж. | 07.11.2007 ж. | Аталған бөлімнің тергеушісі |
| 07.11.2007 ж. | 30.04.2008 ж. | Ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеуші |
| 30.04.2008 ж. | 29.04.2009 ж. | Аталған бөлім бастығының орынбасары |
| 29.04.2009 ж. | 24.06.2011 ж. | Аталған басқарма бастығының орынбасары – 1-бөлімнің бастығы |
| 24.06.2011 ж. | 20.01.2012 ж. | Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің тергеу басқармасының бастығы |
| 20.01.2012 ж. | 14.09.2012 ж. | Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің Тергеу департаментінің бақылау-әдістемелік бөлімінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі |
| 14.09.2012 ж. | 19.06.2014 ж. | Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу жөніндегі 1-басқарманың бастығы |
| 19.06.2014 ж. | 18.11.2014 ж. | Астана қаласы бойынша аталған департамент бастығының орынбасарының м.а. (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша) |
| 18.11.2014 ж. | 05.02.2016 ж. | Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы басшысының орынбасары |
| 05.02.2016 ж. | 09.12.2016 ж. | Астана қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Антикоррупциялық қызмет) Тергеу басқармасының басшысы |
| 09.12.2016 ж. | 19.09.2017 ж. | Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Антикоррупциялық қызметінің құрылымдық өзгерістерге байланысты тергеу басқармасының басшысы |
| 19.09.2017 ж. | 26.06.2019 ж. | Оқу демалысына байланысты Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Антикоррупциялық қызметі департаментінің қарамағында (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу) |
| 26.06.2019 ж. | 28.06.2019 ж. | ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің қарамағында |
| 28.06.2019 ж. | 11.11.2019 ж. | ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Тергеу департаментінің 1-тергеу басқармасының басшысы |
| 11.11.2019 ж. | 25.09.2020 ж. | Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Тергеу департаментінің басшысы |
| 25.09.2020 ж. | 01.03.2021 ж. | ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы |
| 01.03.2021 ж. | 04.01.2024 ж. | ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы |
| 05.01.2024 ж. | 03.03.2025 ж. | ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Кадр жұмысы департаментінің басшысы |
| 03.03.2025 ж. | Қазіргі уақытқа дейін | ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы |

