Аубакиров Рахат Тұрсынбекұлы

    Сарқан су құбыры

    Директор

    Аубакиров Рахат Тұрсынбекұлы

    Сарқан су құбыры

    Өмірбаян

    Аубакиров Рахат Турсынбекұлы 1985 жылғы 21 мамырында Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келген.

    2003–2005 жылдары Сарқан гуманитарлық колледжінде заңгер мамандығы бойынша алып, сәтті тәмамдаған.

    2005–2008 жылдары Алматы қаласындағы Тұран университетінде заңгер мамандығы бойынша білімін жалғастырып, жоғары оқу орнын аяқтаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы Ақтоғай станциясында темір жол саласында бастаған. 2011–2015 жылдары Сарқан аудандық электр энергиясын жеткізу және тарату мекемесінде электр ұстасы болып қызмет атқарған.

    2016 жылы Сарқан жылу мекемесінде техникалық қауіпсіздік инспекторы лауазымында еңбек еткен.

    2016–2018 жылдары Сарқан аудандық сот және прокуратурасында күзетші қызметін атқарған.

    2019 жылдан бастап Сарқан су құбырында жұмыс істей бастады. Алдымен электромонтер, кейін механик, одан кейін бас инженер лауазымдарын атқарды. 2022 жылдың 17 мамырында №30 өкіммен Сарқан ауданының «Сарқан су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері