Азанбай Жандос Советбекұлы

    «Alatau Public Utilities» ЖШС-нің Есік аудандық пайдалану учаскесінің бастығы

    Азанбай Жандос Советбекұлы
    Бастық

    Азанбай Жандос Советбекұлы

    «Alatau Public Utilities» ЖШС-нің Есік аудандық пайдалану учаскесінің бастығы

    Өмірбаян

    Азанбай Жандос Советбекұлы 1982 жылғы 15 қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақстан жоғары инженерлік-экономикалық университетін «инженер-сарапшы» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін «су ресурстарын басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    • Еңбек жолын 2013 жылы Талғар қаласы Талғар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман болып бастаған.
    • 2014–2015 жылдары «Талғар тұрғын үй» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.
    • 2015–2016 жылдары Талғар ауданы бойынша «Су Құбыры» ШЖҚ МКК абоненттік бөлімінің бастығы болған.
    • 2017 жылы «Су Құбыры» ШЖҚ МКК-да өткізу бөлімінің бақылаушысы қызметін атқарған.
    • 2017–2018 жылдары «Талғар Су» ШЖҚ МКК-да су инспекторы болып жұмыс істеген.
    • 2018–2020 жылдары Талғар ауданы «Талғар Су» ШЖҚ МКК-да учаске бастығы қызметін атқарған.
    • 2020–2021 жылдары Талғар ауданы «Талғар Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өткізу қызметінің бастығы болған.
    • 2021–2023 жылдары Талғар ауданы «Талғар Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында директордың міндетін атқарушы орынбасары қызметін атқарған.
    • 2023–2024 жылдары Талғар ауданы «Талғар Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері болып жұмыс істеген.
    • 2024 жылы Талғар ауданы «Талғар Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында диспетчерлік қызметтің бастығы болған.
    • 2024–2025 жылдары «Alatau Public Utilities» ЖШС Талғар аудандық пайдалану учаскесінің бас инженері қызметін атқарған.
    • 2025 жылғы 1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Alatau Public Utilities» ЖШС-нің Есік аудандық пайдалану учаскесінің бастығы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері