
Сулейменов Диас Русланович
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Сүлейменов Диас Русланұлы 1991 жылдың 7 мамырында Шығыс Қазақстан облысында туылған.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясын бітірген.
2013 ж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Зайсан аймағы бойынша ауданаралық басқармасының инспекторы.
2013 ж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасы 1-бөлімінің инспекторы.
2014 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жедел бөлімінің офицері.
2016 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жедел басқармасы бюджеттік саладағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау бөлімінің офицері.
2018 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері.
2019 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 4-департаменті құқық қорғау және сот органдарындағы қылмыстарды анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері.
2021 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау басқармасы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері.
2021 ж. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің Жедел басқармасы басшысының орынбасары.
2022 ж. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің Жедел басқармасы басшысының орынбасары – мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау бөлімінің басшысы.
2022 ж. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің Жедел басқармасының басшысы.
2023 ж. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Арнайы басқарма басшысының орынбасары.
2024 ж. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел департаменті 3-Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі (анықтаушы).
2024 ж. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 3-Жедел басқармасының басшысы.
2024 жылғы 31 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары.

