
Есенов Ерік Өмірбекұлы
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті басшысы
Өмірбаян
Есенов Ерик Өмірбекұлы 1983 жылғы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында туылған. Ұлты – қазақ.
2004 жылы Қаржы полициясы академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің полковнигі. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақмола облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінде тергеуші қызметінен бастаған. Әр жылдары қаржы полициясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және қаржылық мониторинг органдарында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
2021–2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары, 2022–2024 жылдары Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, 2024–2026 жылдары Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.
2026 жылдың 19-маусым айынан бастап - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті басшысы лауазымын атқаруда.