
Өмірбаян
Журынов Жандос Омарханұлы 1979 жылдың 4 қазанында Алматы облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
2004 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көтергіш-көліктік, жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-механик біліктілігін алған.
2021 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Құқық» мамандығын тәмамдап, заңгер дипломын алған.
Ағылшын тілін сөздікпен меңгерген. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Еңбек жолы
2003 жылы «Метрокұрылыс» АҚ-да кен жұмысшысы болып бастаған.
2004–2008 жылдары «Ырысты-АЭВРЗ» АҚ-да жұмыс істеп, слесарьдың 3-разрядынан бастап кәсіпорынның бас технологына дейін көтерілген.
2008–2011 жылдары «Асыл құрылыс» ЖШС-де өндірістік-шаруашылық бөлім жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.
2011–2013 жылдары «Метрополитен» КМК-де электродепоның бас электромеханигі болып еңбек еткен.
2013–2023 жылдары «Алматы қаласы шаруашылық басқармасы» ЖШС-де әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді: желдету және сантехника жүйелерін пайдалану мен жөндеу бөлімі бастығы, шаруашылық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, басқарма аппаратының бас инженері.
2023 жылдың ақпан айынан бастап «Алматы қаласы шаруашылық басқармасы» ЖШС-де көліктік қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.