Өмірбаян
Қоянтай Әнуар Ілиясұлы 1995 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2016 жылы, агрономия мамандығы бойынша, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін 2020 жылы құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік және қаржы-шаруашылық бөлімшесінде бас маман болып бастаған.
2018-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маманы.
2022-2024 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратаның ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы.
2024 жылдың маусымынан бастап Сарысу ауданы әкімі аппаратаның ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келеді.





