
Сұлтан Жасұлан Берікұлы
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сұлтан Жасұлан Берікұлы 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
1999-2010 жылдары Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясын «Алтын белгі» медалімен аяқтады.
2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы» мамандығын «Қызыл» аттестатпен бітірді.
2015-2016 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы;
2016-2017 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы;
2017-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі;
2018-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды;
2021 жылдың наурыз айынан Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында болғанмын, запастағы лейтенант.





