
Өмірбаян
1967 жылы 30 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Беловка ауылында туды. Ұлты — орыс. Бiлiмi — жоғары.
1994 жылы К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнiнiң мұғалiмi, тәрбие жұмысының әдiстемесi мамандығы бойынша бiтiрдi.
2016 жылы «Көкше» академиясын «бiлiм бакалавры» мамандығы бойынша бiтiрдi.
Еңбек жолын 1989 жылы Беловка мектебiнде математика пәнiнiң мұғалiмi болып бастады.
1989-1994 жылдар аралығында Петропавл педагогикалық институтында оқыды.
1995-1999 жылдары облыстық бiлiм беру жүйесiнiң дене тәрбиесi және спорт басқармасының ЖББ маманы.
1999-2006 жылдары облыстық дене тәрбиесi және спорт басқармасының бөлiм бастығы.
2006 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының үйлестiру және лицензиялау бөлiмiнiң бастығы лауазымына мемлекеттiк қызметке орналасты.
2013 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық бөлiмiнiң басшысы болып тағайындалды.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлiмiнiң басшысы.