
Тлегенова Эльмира Зарубаевна
Ақтоғай ауданының білім бөлімінің білім беру ұйымдарында педогогикалық кадрлармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бас маманы
Өмірбаян
Тлегенова Эльмира Зарубаевна1989 жылы 23 мамыр айында Қарағанды облсы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде дүниеге келген. 1996-2005 жылдары Қарағайлы кентіндегі №17 қазақ орта мектебін «үздік» куәлікке аяқтаған. 2005-2009 жылдары Қарағанды облысы, Саран қаласындағы А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «информатика» пәні мұғалімі мамандығын «үздік» дипломмен аяқтап, 2009-2012 жылдары Ә.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да «информатика» пәнібойынша жоғарғы мамандықты аяқтаған.
2009-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Осакаровка ауданының Уызбай ауылындағы мектепте «информатика, математика» пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2012-2016жылдары Қарағанды облысы, Саран қаласындағы А.Құнанбаев атындағы Саран гуманаитарлы-техникалық колледжінде «информатика» пәні бойынша сабақ берген. 2016-2017 жылдары Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында «Ақтоғай ауданыныі білім бөлімі» ММ-де әдіскер лауазымы бойынша жұмыс жасапа, 2017 жылдың қазан айынан бастап «Ақтоғай ауданыныі білім бөлімі» ММ-де бас маман болып жұмыс атқаруда.

