
Пахомов Игорь Евгеньевич
Лисаков қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1969 жылы 17 мамырда Қостанай облысының Денисов ауданында дүниеге келген.
Ұлты-орыс.
Білімі-жоғары.
1987-1989 жылдары-әскерде қызмет еткен. 1992 жылы Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумын техник-механик мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер – механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Денисов мұнай базасында механик болып бастаған.
1993 жылдан - № 11 кәсіптік техникалық училищеде өндірістік оқыту шебері, Рудный қаласы.
1998 - 2004 жылдары – Қостанай облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде жұмыс істеді
2004 - 2015 жылдары – Краснооктябрь боксит кен басқармасының «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының өртке қарсы қызметінің бастығы
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы «Қоғамдық бірлестігі филиалының «Қазақстан алюминийі» Краснооктябрь боксит кен басқармасы қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы.
«AMANAT» партиясының мүшесі. VII шақырылған Лисаков қалалық мәслихатының депутаты.





