
Мухамадиева Кульзада Хамитовна
Лисаков қалалық мәслихатының төрағасы және депутаты
Өмірбаян
1975 жылы 30 қыркүйекте Қостанай облысы Жетіқара ауданының Дзержинский совхозында дүниеге келді.
Ұлты - қазақ.
Білімі – жоғары.
1996 жылы Қостанай мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1996 жылы Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Мектеп – гимназия» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады, 2007 жылға дейін жұмыс істеді.
2007 жылдан 2012 жылға дейін «Жылжымайтын мүлік орталығы» Лисаков филиалы РМҚК мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маманы.
01.09.2011 жылдан 02.04.2012 жылға дейін Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «шет тілін тереңдетіп оқытатын № 2 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК-да қаланың ересек тұрғындарын оқыту бойынша қазақ тілі оқытушысы.
2014 жылдан 2015 жылға дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» КММ ОТЖ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары.
2015 жылдан 2020 жылға дейін «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры.
C 01.09. 2020 жылдан бастап 14.12. 2020 жылға дейін Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп – гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2020 жылдан 2022 жылға дейін «Nur Otan» партиясы ҚБ Лисаков қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, атқарушы хатшысы.
2022 жылдан 2023 жылға дейін «AMANAT» партиясы Лисаков қалалық филиалының атқарушы хатшысы.
30.03.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Лисаков қалалық мәслихатының төрағасы.
«AMANAT» партиясының мүшесі. VII шақырылған Лисаков қалалық мәслихатының депутаты.
