
Таласов Август Шарападинұлы
«Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлем басшысы
Өмірбаян
Август Шарападинұлы Таласов 1984 жылы 21 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2006 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша және 2012 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы болып бастады.
2009-2013 жылдары «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы.
2013-2015 жылдары «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ кадр қызметі бөлімінің бас маманы.
2015-2019 жылдары «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы және наградалар бөлімінің басшысы.
2019-2025 жылдары «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ басшысының орынбасары.
2025 жылғы 3 қарашадан бастап «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ басшысы болып қызмет атқарады.