Сатанов Марат Рахимжанович

    руководитель

    Сатанов Марат Рахимжанович
    Руководитель

    Сатанов Марат Рахимжанович

    руководитель

    Өмірбаян

    Сатанов Марат Рахимжанович 1977 жылы дүниеге келген.

    1994-1999 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша оқыды. 2000-2002 жылдар аралығында Қарағанды қаласының маңызды білім беретін «Болашақ» институтында «қаржы және несие» мамандығын алды.

    1999 жылдан– 2005 жылдары Қаражал қаласының қаржы бөлімінде бюджет бөлімінің бас маманы, бюджет бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарды.

    2005 жылы «Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімінің» ММ басшысының орынбасары, 2006 жылы «Қаражал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің» ММ басшысы болып жұмыс атқарды.

    2007 – 2011 жылдары аралығында «АК-159/22 мекемесі» ММ бас бухгалтері болып жұмыс істеді.

    2011 – 2014 жылдары «Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры болып қызмет істеді.

    2014 – 2015 жылдары аралығында «Қаражал қаласының ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де басшы болып жұмыс істейді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері