Слямғазина Сауле Есенгелдіқызы

    Басшының орынбасары

    Слямғазина Сауле Есенгелдіқызы
    Заместитель руководителя

    Слямғазина Сауле Есенгелдіқызы

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Сауле Есенгельдіқызы Слямғазина, 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары. 1987-1993 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институты, мамандығы «Гигиена-эпидемиология дәрігері».

    Сауле Есенгельдіқызы Слямғазина өз еңбек жолын 1994 жылдан 1997 жылға дейін Мақаншы аудандық санэпидстанциясының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі болып бастады.

    1997 жылдан 2003 жылға дейін Үржар аудандық санэпидстанциясында Коммуналдық гигиена бойынша, дәрігер эпидемиолог санитарлық дәрігер болып жұмыс істеді.

    2008 жылдан 2014 жылға дейін Үржар ауданы бойынша «ШҚО мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ бөлімінің эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру бойынша бас маманы, эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2014 жылдан 2017 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Үржар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2017 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Үржар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2018 жылдан 2019 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жарма аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2019 жылдан 2020 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Жарма аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері