
Өмірбаян
Марат Лесбекұлы Шымырбеков 1973 жылы 30 қазанда ОҚО облысы Ордабасы ауданы Б. Исаханов атындағы кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жылы Шымкент университетін химия биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы Университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы 2-разрядты бетоншы болып бастаған.
1992 жылдан 1993 жылға дейін Кеңес Армиясында қызмет етті.
1993 жылдан 2006 жылға дейін орманшы, аңшы, жүргізуші - Бадам орман шаруашылығы
2006 жылдан 2017 жылға дейін бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары - Сайрам –Өгем МҰТП
2017-2018 жылдары-Златоустов ауылдық округінің әкімі.
2018 жылдан 2024 жылға дейін-Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары
қазіргі уақытта-Сарыкөл ауданының әкімі
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың өзге де актілерінің аудан аумағында орындалуын ұйымдастырады. «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегиясының орындалуын ұйымдастырады және оған бақылау жасайды. Кадрлық саясатты жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөнінде шаралар қолданады.
Мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, а әлеуметтік-экономикалық дамыту жағдайына жауап береді.
Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдық округтер және Сарыкөл кентi әкiмдерiнiң жұмысын үйлестіреді.
Аудан әкiмдiгiнің;
аудандық бюджеттік комиссияның;
Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметіне ;
Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметіне ;
Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссисының жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметіне;
Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар басшылық етеді.
Бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:
Сарыкөл ауданының прокуратурасымен;
«Сарыкөл ауданының полиция бөлімі» ММ;
«Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ;
«Сарыкөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ.
Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.



