
Рүстембекова Айслу Болатқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Рүстембекова Айслу Болатовна 1987 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2009 жылы Т Көпсалалы Гуманитарлық Техникалық Университеті экономика мамандығы бойынша, 2014 жылы. ЖМ Қарағанды «Болашақ» университетін құқық мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Бұқар Жырау ауданының білім беру дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші экономисті болып бастаған.
2012 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қарағанды қаласының қаржы бөлімінің экономисті ретінде жұмыс атқарды.
2013 жылдың қазан айынан 2013 жылдың қараша айына дейін Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарының орындалу процесін үйлестіру және талдау секторының экономисті ретінде жұмыс атқарды.
2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың ақпан айына дейын Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарының орындалу процесін үйлестіру және талдау секторының бас маманның міндетін атқарушысы ретінде жұмыс атқарды.
2014 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың маусым айына дейін Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарының орындалу процесін үйлестіру және талдау секторының бас маманы ретінде жұмыс атқарды.
2014 жылдың маусым айынан 2015 жылдың мамыр айына дейін Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарының орындалу процесін үйлестіру және талдау секторының меңгерушісі ретінде жұмыс атқарды.
2015 жылдан мамыр айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің жекешелендіру және мемлекеттік ативтерді пайдалануға беру секторының меңгерушісі ретінде жұмыс атқарды.
2018 жылдың сәуірінен 2021 жылдың 8 шілдесіне дейін Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының жинақтау-талдау бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.
2021 жылдың 8 шілдесінен бастап Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

