Аубакирова Индира Ураловна

    «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

    Аубакирова Индира Ураловна
    Директор

    Аубакирова Индира Ураловна

    «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

    Өмірбаян

    Тілдерді меңгеруі:
    қазақ, орыс, ағылшын
    Ғылыми атақтары мен дәрежелері:
    Заң ғылымдарының докторы, Professor Emeritus
    Білімі мен тағылымдамалары:
    2016 жыл – «Болашақ» Президенттік бағдарламасының түлегі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетінде докторантура.
    ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР
    АҚШ
    2005 жыл (қараша) – Корнелл университетінде (Итака) тағылымдама.
    2005 жыл (қазан) – Гарвард университетінің Дэвис орталығында тағылымдама.
    Ұлыбритания
    2008 жыл (желтоқсан) – Лондон университетінде ғылыми тағылымдама.
    2002 жыл (маусым-шілде) – Лондон университетінде ғылыми тағылымдама.
    Мажарстан
    2008, 2007, 2002 жылдары – Орталық Еуропа университетінде оқу-әдістемелік тағылымдамалар.
    Қытай
    2007 жыл – Сиань қаласының екі университетінде: Northwest University және Xianyang Normal University-де тағылымдама.
    Ресей
    2016 жыл – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің педагогикалық білім беру факультетінде ғылыми-педагогикалық біліктілікті арттыру.
    2006 жыл (желтоқсан) – ҚР Білім және ғылым министрлігінің тобы құрамында жоғары оқу орындарын аккредиттеу мәселелері бойынша Ресей Федерациясының Білім министрлігінде тағылымдама.
    Жапония
    2006 жыл – Нагоя университетінде өткен Заңгерлер конгресінде баяндама жасау.
    GIZ (Германия) Өңірлік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, сондай-ақ АХҚО ұйымдастырған вебинарлар мен семинарлардың, оның ішінде әкімшілік әділет бойынша вебинарлар мен семинарлардың белсенді қатысушысы
    Еңбек өтілі
    2024 жылғы 14 қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры.
    2023-2024 жылдары – Maqsut Narikbayev University Конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры, қауымдастырылған профессор.
    2019-2022 жылдары – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің Жария құқық мектебінің профессоры.
    2005-2015 жылдары – КАЗГЮУ ғылыми сараптама және талдау институтының сарапшысы (Заңдарға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың заңға тәуелді актілеріне ғылыми және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу).
    2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жетекші ғылыми қызметкері.
    2009-2012 жылдары – КазГЮУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті (қоса атқару бойынша).
    2005-2007 жылдары – КазГЮУ ғылыми хатшысы және қоса атқару бойынша мемлекет теориясы мен тарихы кафедрасының доценті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Құқық» мамандықтар тобы бойынша ОӘБ жауапты хатшысы.
    2003-2005 жылдары – КазГЮУ «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі
    Сараптамалық-талдамалық жұмыс:
    - 2024 жылы Әзербайжан Республикасы президентінің сайлауында ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушысы;
    - 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген
    (2022 жылғы наурыз – маусым) Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі;
    - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Рақымшылық жасау жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі;
    - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым және технология кеңесінің мүшесі;
    - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі;
    - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі;
    - «Қазақстан Заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
    - Қазақстан Республикасы ҒЖБМ БҒССҚК (ЖАК) жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі.
    Лицензиялар мен біліктіліктер:
    - ЕҚЫҰ-ның сертификатталған Халықаралық Қоғамдық бақылаушысы;
    - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу бойынша Ұлттық сарапшылар тізіліміне енгізілген сарапшы;
    - «ҚҰҚЫҚ: тарих және қазіргі заман» журналының (ҒСРИ) редакциялық алқасының мүшесі;
    - «Заңнама институтының жаршысы» журналының (БҒССҚК) редакциялық алқасының мүшесі;
    - «Құқық және мемлекет» журналының (БҒССҚК) редакциялық алқасының мүшесі;
    - «Санкт-Петербург университетінің жаршысы. Құқық» журналының рецензенті;
    - «Практикалық нормашығармашылық» және «Салыстырмалы құқықтанудың әдіснамалық мәселелері» атты бірегей курстардың авторы.
    Құрметті атақтар мен марапаттар:
    - Қазақстанның Құрметті заңгері;
    - «Алтын барыс» құрмет төсбелгісі;
    - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды науқанына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат;
    - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан конституциялық реформаны жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс;
    - «Қазақстанның құрметті заңгері» төсбелгісі;
    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
    - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Құрмет грамотасы;
    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс грамотасы;
    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
    - КазГЮУ Құрмет грамоталары;
    - «ҚазГЮУ-ға 10 жыл» мерейтойлық медалі;
    - «ҚазГЮУ-ға 15 жыл» мерейтойлық медалі;
    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымдағы жетістіктері үшін» құрмет белгісі;
    - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы.
    216-дан астам ғылыми еңбектің авторы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері