
Ермағамбетов Дархан Нұрлыбекұлы
Басшы орынбасары
Өмірбаян
Д.Н. Ермағамбетов Павлодар қалсында дүниеге келген. 2015 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, қызмет көрсету саласының бакалавры, 2017 жылы Инновация Еуразия университетін, экономикалық ғылымдар магистрі, 2019 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік саясат мамандығы бойынша бітірген.
Басқарма басшысының бұйрығымен Дархан Нұрлыбекұлы Ермағамбетов облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын 2015 жылы Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінде жастар практикасы бойынша маман болып бастаған.
2015-2016 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің аппаратында іс қағаздарын жүргізу инспекторы;
2016-2018 жылдары - Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде тілдерді дамыту секторының бас маманы;
2018-2019 жылдары - Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы;
2019-2021 жылдары - Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы;
2021-2024 жылдары - Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы, туризм бөлімінің басшысы;
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу барысында Германия, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарында жұмыс тәжірибе жинақтау мақсатында тағылымдамадан өткен.
2024 жылы Павлодар облысының өңірлік кадр резервіне іріктеу сатыларынан өтіп, қазіргі уақытта кадрлық резерв мүшесі болып табылады.
