
Ташимов Ербол Сансызбайұлы
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1983 жылғы 23 ақпанда Ақмола облысы Зеренді ауданы С. Сейфуллин атындағы ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2009 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.
Ташимов Ербол Сансызбайұлы – Еңбек жолы
01.07.2003 - 28.11.2003 – Көкшетау қаласындағы "Бұқпа" мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде орман қорғаушы болып жұмыс істеді.
02.04.2007 - 12.07.2007 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде келісімшарт негізінде бағдарламашы қызметін атқарды (Көкшетау қ.).
12.07.2007 - 16.08.2007 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің жетекші маманының м.а. (Көкшетау қ.).
16.08.2007 - 12.05.2008 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің жетекші маманы (Көкшетау қ.).
12.05.2008 - 10.11.2010 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы (Көкшетау қ.).
10.11.2010 - 09.11.2011 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесі және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы (Көкшетау қ.).
09.11.2011 - 15.02.2012 – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаментінің табиғат пайдалануды жоспарлау және талдау басқармасының сарапшысы (Астана қ.).
15.02.2012 - 01.03.2013 – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғи ресурстар департаментінің стратегиялық жоспарлау басқармасының сарапшысы (Астана қ.).
01.03.2013 - 22.01.2014 – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғи ресурстар департаментінің сарапшысы (Астана қ.).
24.01.2014 - 05.03.2014 – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі табиғи ресурстар департаментінің сарапшысы (Астана қ.).
05.03.2014 - 06.10.2014 – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су және биологиялық ресурстар департаментінің биологиялық ресурстар басқармасының бас сарапшысы (Астана қ.).
06.10.2014 - 02.03.2016 – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су және биологиялық ресурстар департаментінің биологиялық ресурстар басқармасының бас сарапшысы (Астана қ.).
03.03.2016 - 08.08.2019 – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің халықаралық су қатынастары басқармасының бас сарапшысы (Астана қ.).
09.08.2019 - 19.04.2022 – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің халықаралық су қатынастары басқармасының бас сарапшысы (Нұр-Сұлтан қ.).
01.08.2023 - 15.09.2023 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының статисті (Көкшетау қ.).
18.09.2023 - 07.11.2023 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманының м.а. (Көкшетау қ.).
08.11.2023 - 02.03.2025 – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы (Көкшетау қ.).
03.03.2025 бастап – Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің жетекшісі қызметін атқарады (Көкшетау қ.).





