
Ашкаров Бақыт Ысқақұлы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі
Өмірбаян
Арнайы атағы – әділет полковнигі.
Білімі – жоғары. 1996 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2000 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін, 2021 жылы Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын бітірген.
2024 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
1996 жылы Ақмола қаласы бойынша автокөліктер мен мотоқұралдарды ұрлыққа қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілі лауазымынан ішкі істер органдарында қызметін бастады.
1998–2000 жылдары Астана қаласы Алматы ауданының қылмыстық іздестіру бөлімінде жедел уәкіл және аға жедел уәкілі.
2001 жылы Астана қаласы бойынша қылмыстық іздестіру басқармасының мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінде аға жедел уәкілі.
2001–2003 жылдары Астана қаласы бойынша криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінде түрлі лауазымдарды.
2003 жылы Астана қаласы КПБ ІІБ қылмыстық іздестіру қызметінің жедел-іздестіру бөлімінің бастығы.
2003–2004 жылдары Сарыарқа ауданының ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығы.
2004–2008 жылдары Астана қаласы бойынша ІІД криминалдық полиция басқармасында түрлі лауазымдарды атқарды.
2008–2009 жылдары ҚР ІІМ ӨҚД жедел жұмыс ұйымдастыру басқармасының жедел әзірлемелер мен арнайы іс-шаралар бөлімінде аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі.
2009–2014 жылдары Астана қаласы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасында жетекші лауазымдарды атқарды.
2014–2015 жылдары криминалдық полиция басқармасының көлік саласындағы тауарларға қарсы қылмыстық әрекеттермен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі және бастығы.
2015–2018 жылдары ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің тұлғаға қарсы қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасында аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі.
2018–2021 жылдары Астана қаласының ІІД Алматы ауданы ІІБ, Тараз қаласы ПБ және Жамбыл облысында КПБ жетекші лауазымдарды атқарды.
2021–2024 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша ПД бастығының орынбасары.
2025 жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары.


