
Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Жаңа Зеландиядағы мен Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы
Өмірбаян
1998 жылда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Экономика факультетін бітірген.
Кәсіби қызметі
1994-1996 жж. ҚР Ұлттық банкінің валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары, Халықаралық қатынастар департаментінің директоры;
1996-1998 жж. «АТФ Банк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Коммерциялық департаментінің бастығы, Басқарма төрағасының орынбасары;
1998-2000 жж. «Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ облыс филиалы директорының бірінші орынбасары, Несие департаментінің директоры, басқарушы директоры, Несие тәуекелдері департаментінің директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі;
2000-2006 жж. «Қазпочта» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы;
2005 бастап Байланыс саласындағы Аймақтық достастықтың пошта операторлары кеңесінің төарағасы;
2006 ж. 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы болып тағайындалды;
2008 ж. 25 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының мүшесі болып табылды;
2011 ж. 14 сәуірде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды
2011-2013 жж. «Қазпочта» ААҚ Басқарма төрағасының төрағасы;
2013-2019 жж. Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің Инвестициялар жөніндегі кеңесшісі;
2019 ж. 6 маусымда Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2019ж. 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландия Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
2020 ж. 22 мамырда Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Ғылыми жұмыстары
1992 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінде «1980 жылдары Үндістанның Батыстың индустриалды дамыған елдерімен сауда-экономикалық қатынастары» тақырыбында диссертациясын қорғады;
2003 жылдан бастап «Пошта байланысы. Техника және технологиялар» журналының редакциялық алқасының мүшесі;
2004 ж. ҚазЭУ-де «Қазақстанның қаржы және банк қызметі нарығындағы пошта-жинақ жүйесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады;
2010 ж. «Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығы» монографиясын жариялады;
А.Арыстанов үнемі Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында дәріс оқиды.
Мақалалары
Қазақстанның қаржы және банк қызметтері нарығындағы пошта-жинақ жүйесі: Монография. – Алматы, 2003 ж. ISBN 9965-665-11-7
Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығы: Монография. – Алматы, 2010 ж. ISBN 978-601-278-289-9
Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. – Алматы, 2010 ж. ISBN 978-601-280-118-7
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының темір жолына 100 жыл» медалі, 2004
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», 2005
«Құрмет» ордені, 2005
«Парасат» ордені, 2012
