Ұзақбеков Ерболат Ғалиұлы
Жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ұзақбеков Ерболат Ғалиұлы 1962 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келген
Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1984 жылы инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген
1984 жылы «Казгипроводхоз» институтында инженер болып бастаған
1986 жылы Сарысу коммуналды шаруашылық мекемесінде технигі, шебері
1986-1987 жылдары аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінің техник-құрылысшысы
1987-1989 жылдары аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы
1989-1991 жылдары комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі
1991-1992 жылдары, «Казпастбища» мекемесінің жұмыс өндірушісі
1992-1994 жылдары сәулет құрылыс бақылау мекемесінің маманы
1994-1997 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының аға маманы
1997-1998 жылдары «Экомед» фирмасының техникалық директоры
1998-2000 жылдары аудандық қазынашылық мекемесінің қазынашысы
2001-2013 жылдары Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары
2013-2017 жылдары Досбол ауылдық округінің әкімі
2017 жылдың 24 сәуірінен Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарады





