Смағұлов Қанат Ерубайұлы

    Түймекент ауылдық округінің әкімі

    Смағұлов Қанат Ерубайұлы
    Аким

    Смағұлов Қанат Ерубайұлы

    Түймекент ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Смагулов Канат Ерубаевич 1990 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.

    2012 жылы Тараз политехникалық колледжін сырттай бөлімде "Құқықтану" мамандығы бойынша аяқтады.

    2018 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогиқалық университетін сырттай бөлімде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолы 11.10.2011 жылы «Әулиеата Транс Пасс» ЖШС-нің жалғау алу бойынша қалалық жолаушылар көлігінің жүргізуші болып бастады. 2012 жылы 23 қарашада өз еркімен жұмыстан босады.
    18.06.2013 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде Жол полиция аға инспекторы қызметін атқарды. 29.02.2016 жылы өз еркімен жұмыстан босатылды.
    07.03.2016 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Достық-99» шаруа қожалығында инженері болып қызмет атқарды. 01.08.2018 жылы өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды.

    07.08.2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық мамандырылған балаар жасөспірімдер спорт мектебінің қойма меңгерушісі.

    03.09.2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық мамандырылған балаар жасөспірімдер спорт мектебінің ғимарат меңгерушісі болып ауысты. 21.09.2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық мамандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің басшы орынбасары болып ауыстырылды. 02.09.2019 жылы өз өтініші бойынша босатылды.
    02.09.2019 жылдан бастап төрт жыл мерзімге Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі әкімі болып сайланды. 26.06.2023 жылы өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.
    26.06.2023 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі әкімі болып қайта сайланды. Бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері