
Мадибаев Абдулмұрат Абдулмақсұтұлы
Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мадибаев Абдулмурат Абдулмаксутович 1989 жылы 06 қараша күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жақаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
2008 жылы Жамбыл политехникалық колледжін "Қаржы және аудит" мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.
2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің сырттай бөлімінде "Мәдени тынығу жұмысы" мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.
Еңбек жолын 15 желтоқсан 2010 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жақаш ауылындағы "Айнұр" бөбекжай-бақшасында саз жетекшісі қызметінен бастаған.
5 қазан 2011 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жақаш ауылындағы "Айнұр" бөбекжай-бақшасында дене шынықтыру жетекшісі болып жұмысқа қабылданған.
18 мамыр 2012 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" МКҚК-ның Суханбаев ауылдық клубының клуб меңгерушісі болып қабылданған.
2 ақпан 2015 жылы Жамбыл облысы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Музыкалық білім" кафедрасының біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ дыбыс режиссері болып қабылданған.
28 маусым 2019 жылы Жамбыл облысы Тараз мемлекеттік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемелекеттік кәсіпорнына "Музыка және хореграфия" кафедрасының біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ дыбыс режиссері болып қайта ауысқан.
1 қыркүйек 2021 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Музыкалық және қолданбалы өнер" кафедрасының дыбыс режиссері болып қабылданған.
11 қазан 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





