
Сыздықов Сәкен Шәмшіұлы
Байзақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сыздықов Сәкен Шәмшіұлы 1968 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы Байзақ (Свердлов) ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Жоғары білім. Қазақ ұлты, Қазақстан Республикасының азаматы. 1975 жылы С.Сейфуллин атындағы орта мектепке оқуға түсіп, оны 1985 жылы бітірді. 1985-1986 жылдары әскер қатарына шақырылып, Ауғанстанда борышын өтеген. 1988 жылы оқуын жалғастырып, 1990 жылы диплом алды. Үйленген 2 қыз, 2 ұл.
1991-1998 жылдары Свердлов аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, мәдениет үйінде әдіскер, мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарды. 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Мұхтар Әуезов атындағы университетінде «мәдени-демалыс жұмысының әдіскері» мамандығы бойынша білім алған. 1998 жылы өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, 1999 жылы аудан әкімі аппаратының мәдениет, спорт, жастар және туризм бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді; Ал 1999 жылы Жақсылық Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің директоры, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарады.





