
Мамырбаев Нұрболат Серікұлы
Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мамырбаев Нұрболат Серикивич 1971 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысы Сверлов ауданы Буденовка ауылында дүниеге келдім.1988 жылы Свердлов ауданы Ақжар орта мектебін бітірдім. Ұлтым-қазақ,білімім-жоғарғы 1988-1993 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында оқып,инженер-механик мамандығын алып шықтым. 2000-2001 жылдары Тараз қаласындағы Әулие ата университетін математика-информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын 1993- 1995 жылдары Свердлов мал бордақылау кешенінде инженер-механик болып бастадым.
1995-1996 жылдары Ұшбұлақ МТС базасында қойма, меңгерушісі болып жұмыс істедім.
1996-1999 жылдары аралығында 01954 әскери бөлімінде күзет ротасының командирі,аға лейтенант шенінде әскери қызмет атқардым.
2001 - 2009 жылдары Ю. Гагарин атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2009 – 2011 жылдары Байзақ ауданы Қарасу ауылындағы Қарасу орта мектебінде директоры.
2011 - 2017 жылдары Берікқара мектебінің директоры қызметін атқардым 2017 - 2021 жылдары Қостөбе орта мектебінің директоры қызметін атқардым.
2021 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы білім басқармасының Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалдым. Білім бөлімінің басшысының конкурсына қатысу себебім, Байзақ ауданының тұрғылықты азаматы ретінде туып өскен жеріме және халқыма қызмет ету.





