Телеуов Қанат Рысбайұлы

    "Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" КММ-нің басшысы

    Телеуов Қанат Рысбайұлы
    Руководитель отдела

    Телеуов Қанат Рысбайұлы

    "Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" КММ-нің басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылындағы Г.Муратбаев орта мектебінде 1-ші сыныпқа бардым.1994 жылы осы аталған мектепті бітірдім.

    1994 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл гидро-құрылыс институтына түсіп, инженер –механик мамандығын алып шықтым. 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде заң факультетінде сырттай оқып, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірдім.

    23.05.2001 -15.08.2001 жылдары Тараз қаласы Жамбыл облысында ҚР-ның Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті, сот приставының міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқардым.

    2001-2002 жылдары Тараз қаласы «Промхиммонтаж» ашық акционерлік қоғамында бас инженер –механик қызметін атқардым.

    2003-2004 жылдары Тараз қаласы прокуратурасы кеңсесінде маманы болып атқардым.

    2004-2008 жылдары Тараз қаласы прокуратурасының құжаттарды қамтамасыздандыру тобының маманы болып қызмет атқардым.

    2008-2010 жылдары Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы, Тараз қаласы ҚР-сы ауыл-шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі

    1) Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман, 2) Бас маман-мемлекеттік инженер- инспектор болып қызмет атқардым.

    2010-2013 жылдары Байзақ ауданы «Шайхы» шаруа қожалығында инженер-механик қызметін атқардым.

    2013-2016 жылдары Байзақ ауданы Абай ауылында «Қарлығаш» шаруа қожалығында есепші маман қызметін атқардым.

    18.08.2016-15.11.2016 жылы Байзақ ауданы Көптерек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып қызмет атқардым.

    2016-2017 жылдары Байзақ ауданы Көптерек ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым.

    15.08.2017-08.11-2017 жылы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым.

    16.04.2021 жылдар аралығында Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 2022жылы Байзақ ауданы әкімдігінің КММ-де кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөліміне басшы болып тағайындалдым.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері