
Биназарова Майра Бүркітбайқызы
Байзақ ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Биназарова Майра Бүркітбайқызы 1971 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Свердлов ауданы Буденовка ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын тігін бұйымдарының технологиясы мен құрастыру мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жыл - "Әулие - Ата" университетін заңтану мамандығы бойынша аяқтады.
22.07.1994 - 08.11.1995 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінің қызметкері.
08.11.1995 - 29.05.1996 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелері жағынан бөлімінің маманы.
29.05.1996 - 31.12.1998 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы.
31.12.1998 - 03.01.2005 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы.
03.01.2005 - 11.10.2010 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы.
11.10.2010 - 01.08.2013 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің меңгерушісі.
01.08.2013 жылдан бастап Байзақ ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.

