
Мұқышева Айгүл Мақанқызы
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мұқышева Айгүл Мақанқызы
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары.
1970 жылдың 17 қазанында Павлодар облысы, Қызылқұм ауданы, Екібастұз ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «педиатр-дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Инновациялық Еуразия университетін аяқтап, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алған
Еңбек өтілі:
01.08.1994 ж. – 03.01.1995 ж. – Павлодар қалалық №1 ауруханасында дәрігер-педиатр.
25.09.1995 ж. – 01.01.2009 ж. – Павлодар қалалық перзентханасының жаңа туған нәрестелер бөлімінде дәрігер-неонатолог.
14.01.2010 ж. – 01.10.2011 ж. – Павлодар облыстық перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі.
24.02.2012 ж. – 28.11.2013 ж. – Павлодар облыстық перинаталдық орталығының шала туған нәрестелер бөлімінде дәрігер-неонатолог.
13.01.2014 ж. – 05.03.2014 ж. – Павлодар қаласының №1 қалалық емханасында (ШЖҚ КМК) дәрігер.
06.03.2014 ж. – 28.05.2014 ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.
28.05.2014 ж. – 29.09.2017 ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің бас маманы.
2014 жылдан 2017 жылға дейін – Павлодар облысының бас педиатры.
2017 жылдан 2023 жылға дейін – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының емдеу ісі және бастапқы медико-санитарлық көмек бөлімінің басшысы.
29.03.2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Павлодар қаласында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.


