
Өмірбаян
Азамат Асанбай 1973 жылдың 11 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтын «инжинер-химик-технолог», 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қайыңды ауылы, Қайынды өндірістік кооперативі жастар ісі жөніндегі директордың орынбасары болып бастаған.
1999-2000 жылдары Қайыңды ауылы, «Қайынды» ЖШС-ң құрылыс бригадирі.
2005-2008 жылдары Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының маманы.
2008-2010 жылдары Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
2010-2017 жылдары Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
2017 жылдың 11 тамызынан бастап Қайыңды ауылдық округінің әкімі.





