
Өмірбаян
Төлеген Атабаев 1977 жылдың 26 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Көкдөнен ауылында дүниеге келген.
1998 Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «география пәнінің мұғалімі және өлкетану ісінің әдіскері», 2002 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтын «бөлімшелердің қызметтік жауынгерлік іс-қимылдарын басқару офицері» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы ҚР ҰҚК ШҚ «Боран» десанттық шабуылдау тобының старшинасы болып бастаған.
2001-2003 жылдары шекара қызметінің «Меркі» шекаралық бақылау бөлімшесінің аға бақылаушысы.
2003-2005 жылдары шекара қызметінің «Камышановка» шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы.
2005-2006 жылдары шекара қызметінің «Қарасу» шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы.
2006-2008 жылдары шекара қызметінің «Қордай» шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы.
2008-2009 жылдары шекара қызметі «Оңтүстік» Аймақтық басқармасының шекаралық бақылау бөлімінің аға офицері.
2009-2010 жылдары шекара қызметінің Сарыағаш ШББ «Б.Қонысбаев» атындағы шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы.
2010-2011 жылдары шекара қызметінің «Қордай» шекаралық бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары.
2011-2013 жылдары шекара қызметінің «Үшарал» шекара отрядында тәрбие және әлеуметтік жұмыстары бойынша бөлімінің аға офицері.
2016-2017 жылдары Алматы механикалық колледжі Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.
2017-2018 жылдары «Дарын» компьютерлік орталығы ЖШС-де маман.
2018 жылы «Ердаулет» ЖШС-нің директоры.
2018 жылдың 10 қазанынан бастап Көкдөнен ауылдық округінің әкімі.





