
Жанадилов Досмуханбет Сыдыкбайұлы
руководитель отдела
Өмірбаян
Досмұханбет Жанадилов 1982 жылдың 11 қаңтарында Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Қарақат ауылында дүниеге келген.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы 31 тамызынан 2007 жылдың 01 тамызы аралығында Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнында инженер жерге орналастырушы болып бастаған.
2007-2011 жылдары аралығында Т.Рысқұлов аудандық жер кадастры филиалының директоры.
2011-2012 жылдары аралығында Мемлекеттік жер ғылыми өндірістік орталығы Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнының басшысы.
2012-2016 жылдар аралығында ҚР Жер ресурстары Агенттігі Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл ғылыми өндірістік орталығы филиалының Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің басшысы.
2016-2018 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Т.Рысқұлов аудандық бөлімше басшысының орынбасары.
2018 жылдың 14 мамырынан 31 шілдесі аралығында Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Т.Рысқұлов аудандық бөлім басшысының орынбасары.
2018 жылдың 31 шілдесінен 01 қарашасына дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін арнайы тексеруден өткенге дейін уақытша атқарушы.
2018 жылдың 01 қарашасынан 2019 жылдың 04 ақпанына дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне 3 ай сынақ мерзімімен тағайындалды.
2019 жылдың 04 ақпанынан бастап Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.





