
Өмірбаян
ӨМІРБАЯН
Исаков Мират Нұрғалиұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Жамбыл Гуманитарлық Техникалық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2014-2016 жылдары.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау» орталығында «Әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші».
2016-2017 жылдары.
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің - «Құқықтық мәселелері жөніндегі инспектор-статисты»;
2017-2018 жылдары.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің - «Жалпы сектордың бас маман-заңгері»;
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының - «Заң және кадр мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы»;
2018-2019 жылдары.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының - «Персоналды басқару қызметінің бас маманы»;
Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының - «Кадрлық жұмыс және заңгерлік сүйемелдеу бөлімінің басшысы»;
2019-2020 жылдары.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының - «Ұйымдастыру жұмысы және заңгерлік сүйемелдеу бөлімінің басшысы»;
2020-2023 жылдары.
«Тараз-Автоснаб» ЖШС-нің – «Директордың әкімшілік және құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары»;
2023-2025 жылдары.
«Қазақстан Халық Партиясы» Қоғамдық Бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының - «Төрағасының орынбасары»;
2025 жылы.
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің - «Заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы»;
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы» лауазымында қызмет атқаруда.



