Мукаев Мырзагерей Сержанович

    Бухгалтерлік есеп бөлімі және медициналық кадрларды басқару бөлімінің басшысы

    Мукаев Мырзагерей Сержанович
    Бөлім басшысы

    Мукаев Мырзагерей Сержанович

    Бухгалтерлік есеп бөлімі және медициналық кадрларды басқару бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Мукаев Мырзагерей Сержанович - 1969 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары.

    1987 жылғы 19 қазаннан 1987 жылғы 18 желтоқсанға дейін — Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12-де жұмысшы.

    1988 жылғы 18 сәуірден 1992 жылғы 24 желтоқсанға дейін — Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 жанындағы 2075/023 жинақ банк филиалының контролері.

    1992 жылғы 28 желтоқсаннан 1993 жылғы 29 маусымға дейін — Ақтөбе облысы, Октябрь ауданы, Қандыағаш қаласында «Игілік банк» АКБ аға маманы.

    1993–1994 жылдары — Ақтөбе облыстық Ұлттық банк басқармасының экономисі.

    1994–1996 жылдары — Ақтөбе облыстық Ұлттық банк басқармасының аға ревизоры.

    1997–1998 жылдары — Ақтөбе облыстық Бюджет банк басқармасының жетекші ревизоры.

    1998 жылы — Облыстық қазынашылық басқармасының тексеру бөлімінің аға ревизоры.

    1998–1999 жылдары — Облыстық қазынашылық басқармасының қаржы және жиынтық баланс бөлімінің аға қазынашысы.

    1999–2000 жылдары — Облыстық қазынашылық басқармасының аумақтық органдарды бақылау жөніндегі бөлімінің жетекші бақылаушы-ревизоры.

    2000 жылы — ҚР Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бөлімінің жетекші бақылаушы-ревизоры.

    2000–2001 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.

    2001–2002 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қорғаныс ұйымдары мен құқық қорғау органдарында бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас бақылаушы-ревизоры.

    2002–2003 жылдары — «Ақтөбе облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ білім, мәдениет және спорт саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

    2003–2004 жылдары — «Ақтөбе облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің шығындарын жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің бастығы.

    2005–2009 жылдары — «Ақтөбе облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті» ММ жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.

    2009–2016 жылдары — «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ басқарма бастығының орынбасары.

    2016–2017 жылдары — «Ақтөбестройэксперт» ЖШС қаржылық консультанты.

    2017–2018 жылдары — «ҚазАгроМаркетинг» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

    2018–2019 жылдары — «Базис Строй-Ақтөбе» ЖШС қаржылық консультанты.

    2019 жылдан 2025 жылғы 13 тамызға дейін — «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ инвестициялық жобалардың орындалуын талдау, нақты сектор және қарызды есепке алу бөлімінің басшысы.

    2025 жылғы 13 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп және медицина кадрларын басқару бөлімінің басшысы.

    Марапаттары:

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері