Төлебаев Нұржан Дүйсенұлы

    Бөлім басшысы

    Төлебаев Нұржан Дүйсенұлы
    Руководитель отдела

    Төлебаев Нұржан Дүйсенұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Меркі ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 тамыздағы №371-Ж/Қ өкіміне сәйкес Төлебаев Нұржан Дүйсенұлы Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Нұржан Дүйсенұлы 1980 жылы 16 наурызда Меркі ауданы, Беларық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы Меркі ауданы әкімиятының экономика басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2005 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Меркі ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2005 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында Меркі ауданы әкімиятының қаржы бөлімінің бюджеттік атқарылуын қамтамасыз ету бөлімшесінің бас маманы, 2005-2008 жылдары Меркі ауданы әкімиятының қаржы бөлімінің мемлекеттік мекемелерге қаржыландыру жоспарын жүргізу және бюджеттің орындалуына талдау жасау бөлімшесінің бастығы, 2008-2009 жылдары аудандық қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және орындалуына талдау жасау секторының меңгерушісі, 2009-2010 жылдары аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу секторының меңгерушісі.

    2011-2021 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

    Үйленген, отбасында 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері