Өмірбаян
Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы 1974 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1997 жылы Құлан ауылшаруашылық колледжін технолог-организатор, 2004 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын жерге орналастыру және кадастр мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Калинин совхозында жұмысшы болып бастаған.
1997-1998 жылдары Б.Серікбаев жеке өндірістік кооперативінің бас агрономы,
1998-2004 жылдары «Тәуірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,
2004 жылы Сарысу аудандық жер инспекциясының бас маманы,
2005-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы,
2006-2007 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы,
2007-2008 жылдары Әйтеке би атындағы орта мектебі директорының өндірістік шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары,
2008-2012 жылдары «Сарысу жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған.
2012 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Жайылма ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады





