
Сапаров Елдар Қайсарұлы
Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Өмірбаян
Туған күні және туған жері:
24 қыркүйек 1991 жыл, Алматы облысы, Күрті ауданы, Ащысу ауылы. (Қазіргі Жамбыл ауданы)
Білімі:
Жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унверситеті, 2013 жыл – экономика және бизнес бакалавры, 2015 жыл – Экономика ғылымдарының магистрі, 2016-2019 жыл – PhD докторантурасы.
2009-2013 жж – І.Жансүгіров атындағы ЖМУ –нің жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің маманы.
2013-2015 жж – «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ-нің «Талдықорған қаласының жастары» филиалының жетекшісі.
2015-2016 жж - І.Жансүгіров атындағы ЖМУ –нің ректорының көмекшісі, проректордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім басшысы.
2014ж-2019 – «Алматы облысы студенттерінің одағы» ЖҚБ төрағасы.
2017ж-2020 – «Алматы облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ директоры және Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының консалтинг орталығының басшысы.
24.02.2020-09.10.2020 - «Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ «Талдау және болжау орталығы» КММ басшысы
09.10.2020-10.11.2020 - "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жетекші маманының м.а.
11.11.2020-25.11.2020 - "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы
27.11.2020 – Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

