Садыров Ербол Қыдырәліұлы

    Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

    Садыров Ербол Қыдырәліұлы
    Руководитель отдела

    Садыров Ербол Қыдырәліұлы

    Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Садыров Ербол Қыдыралыұлы 1963 жылы 17 қараша айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келдім.1971-1981 жылдары Ерназар ауылындағы Крупская атындағы орта мектебінде білім алдым.

    1983 жылы Қаратау қаласындағы Қазақ политехникалық институтының 1-курс студенті болып оқуға түстім. Аталған жоғарғы оқу орнын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтап, 1988 жылы біттім.

    1994-1995 жылдары Қаратау қаласындағы «Сары-тас» акционерлік қоғамында цех бастығының

    орынбасары, цех бастығы, 1995-1996 жылдары облыстық экология және биоресурстар басқармасында I- категориялы маман болып қызмет атқардым. 1996-2004 жылдары Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың Қаратау аудандық агенттігінде маман, участке басшысы болып жұмыс істедім.

    2004-2005 жылдары Жамбыл ауданының бас сәулетшісінің міндетін атқарушысы, 2005-2006 жылдары ауданның бас сәулетшісі. 2006 жылдан бастап Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін 2014 жылдың қыркүйегіне дейін атқардым.

    2014 жылдың қазан айынан 2016 жылға дейін Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына денсаулығыма байланысты ауыстым. 2016 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне нұсқаушы маман, бөлім басшысы болып жұмыс істедім. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына өз еркіммен ауысып жұмыс істедім.

    2019 жылдың 6 ақпанынан бастап Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Басшысы лауазымына тағайындалдым.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері