
Бимұхамбетов Бекзат Әлібайұлы
Байылдыр ауылының әкімі
Өмірбаян
Бимұхамбетов Бекзат Әлібайұлы 1979 жылы Кентау қаласы, Байылдыр ауылында дүниеге келген.
1993 -1997 жылы Шымкент энергетика және бизнес колледжіне түсіп, техник-бағдарламашы мамандығы бойынша оқыған.
1997 жылдан бастап электрослерь мамандығы бойынша жұмыс атқарған.
1998-2019 жылдар аралығында Қарағанды облысы Сәтбаев қаласына барып еңбек биржасы арқылы Сәтбаев жылу-сумен қамтамасыз ету кәсіпорнына инженер-бағдарламашы болған.
Аталған кәсіпорында бірнеше жылдар ішінде материалдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығының орынбасары болып, тағы бірер жылда коммерциялық менеджер, қаржы менеджері, Қарағанды қаласында табиғи монополиялар субъектілерін тауарлық және материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де, Астана қаласында табиғи монополиялар субъектілерін тауарлық және материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де басшы болып қызмет атқарған.
Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Өскемен қалаларында орналасқан аймақтық кәсіпорындарды тауарлы-материалдық қорлармен уақтылы, кәсіпорындардың жоспарларына сәйкес тиімділікпен қамтамасыз ету басшысы болған. Жезқазған қаласының Жылы сумен қамтамасыз ету кәсіпорнында директордың орынбасары, Өскемен қаласы жанында орналасқан тау-кен концернінде материалмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап осы күнге дейін жеке кәсіпкер ретінде жұмыс атқарып келген.





