
Өмірбаян
1975 жылы 9 тамызда, Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университеті мал дәрігері мамандығы. 2005 жылы Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы университеттінің жол қозғалысын ұйымдастыру факультетінің инженер механик мамандығы бойынша аяқтаған.
1999 жылдың тамыз айы мен 2008 жылдың сәуір айына дейін Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемесінде көлік және автожолдар бақылау бөлімінің жетекші маманы. 2008 жылдың қараша айынан бастап ЖШС «ТетисАралГаз» мекемесінде 2008-2010жж.- қоймашы; 2010-2012 жж.- аға қоймашы; 2012-2013жж - топтық қондырғы шебері; 2013-2017 жж. ақпанға дейін- өндірістік қауіпсіздік еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау инженері; 2017 жылдың ақпан айында Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.





