
Өмірбаян
Қисраунов Ерғали Диярұлы 1971 жылы 26 наурызда туған. 1999 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "экономист-менеджер"мамандығы бойынша бітірді. 2020 жылы Қарағанды техникалық университетін "Құрылыс"мамандығы бойынша бітірген.
1988 жылдан 1989 жылға дейін асыл тұқымды мал шаруашылығында автогараж слесарі болып жұмыс істеді.Қарағанды облысы Ақадыр ауданы К.Мыңбаева. 1989-1991 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында болды. 1991 жылдан 1993 жылға дейін асыл тұқымды мал шаруашылығында автогараж слесарі болып жұмыс істеді.Қарағанды облысы Ақадыр ауданы К.Мыңбаева. 1993 жылдан 2004 жылға дейін Қарағанды-Сұрыптау станциясында ЖІІБ 9-бөлімінің аға жедел уәкілі болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданының "ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан 2011 жылға дейін "Абай ауданының ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі"ММ бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдан 2012 жылға дейін "Қарағанды қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі"ММ жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі қызметін атқарды. 2012 жылдан 2015 жылға дейін "Қарағанды қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі"ММ бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдың шілде айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін "Абайлық жылу жүйелері"ЖШС директорының м.а. болып жұмыс істеді. 2015 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылға дейін Абай ауданының Абай қаласының әкімі қызметін атқарды. 2018 жылдан 2019 жылға дейін "Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі"ММ басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай ауданы Дубовка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарамын.


