
Саққұлақов Қанат Келгенұлы
Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Саққұлақов Қанат Келгенұлы, 1963 жылы 9 желтоқсанда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында дүниеге келдім.
1980 жылы орта мектепті бітірдім. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Жол-құрылыс машиналарының инженері-механик» мамандығы бойынша бітірдім.
1985 жылдан 1998 жылға дейін Алматыдағы жол техникасын жөндеу зауытында трактор учаскесінің мастері, автогрейдер учаскесінің мастері, аға мастер, жабдықтау-құрастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істедім. 1998 жылдан - «Азия-Центр и К» концернінің филиалдарында жұмыс істедім. 2001 жылдан 2007 жылға дейін бұрынғы Молодежный ауданының Коммунар совхозы, «Агроцентр» ЖШС директоры болып жұмыс істедім. 2003 жылы N9 сайлау учаскесі арқылы Осакаров аудандық мәслихатының депутаты болып сайландым. 2007 жылы Осакаров ауданы мәслихатының хатшысы болып сайландым. Сондай-ақ 2012 және 2016 жылдары Осакаров ауданы мәслихатының депутаты және хатшысы болып сайландым. Үйленгенмін, менің үш ұлым, төрт немерем бар.