
Өмірбаян
Аспандияр Мұраталыұлы Сейсебаев 1980 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы «М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы – Астана қаласы Әкімшілік сотында сот приставы қызметінен бастаған.
03.2002 - 04.2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасының сыртқы байланыстар бөлімінің жетекші және бас маманы қызметі;
04.2004 - 06.2008 жылдары – «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ – ның Халықаралық талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Маркетинг және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, басқарма басшысы, департамент директоры;
06.2008 -11.2009 жылдары – Астана қаласынының «Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу және экспорттау» бойынша «Ақ Ерен» ЖШС директоры;
11.2009 - 09.2014 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;
10.2014 - 02.2015 жылдары – «Алматы» ӘКК ҰК Басқарма төрағасының орынбасары;
02.2015 – 03.2019 жылдары – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында
эксперт, бөлім басшысы, директор орынбасары;
04.2019 – 01.2020 жылдары – «Ақ Ерен» ЖШС директоры;
02.2020 – 08.2020 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;
2020 жылдың 26 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарады.

