
Ли Нонна Алексеевна
№3 Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі
Өмірбаян
Ли Нонна Алексеевна 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984 жылы Қарағанды кооперативтік институтын сауда экономикасы мамандығы бойынша «экономист – ұйымдастырушы» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда облыстық тұтынушылар одағында экономист қызметінен бастаған.
1988 жылдан бастап «Қарағанды қаласының Шаруашылық есеп дирекциясында» аға экономист болып жұмыс атқарған.
1989 жылдан бастап «Теміртау қаласының қоғамдық Тамақтану комбинатына» бухгалтер – қаржыгер болып қабылданды.
Мемлекеттік қызметте 19 жыл жұмыс істеген.
1996 жылдан «Теміртау Халықты әлеуметтік қорғау» бөлімінде маман болып қызмет атқарған.
2005 жылдан бастап «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жетекші маман, 2011 жылдан бастап бас маман, 2016 жылдан бастап сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
2017 жылдан бастап «Теміртау қаласының №2 Халыққа қызмет көрсету» орталығында жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.

