
Өмірбаян
Шуншина Айнур Зинеевна 27 маусым 1977 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1998 жылы Ақтөбе облыстық тұтынушылар одағының есеп сауда колледжі «Бухгалтерлік есеп», 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Бақылау және шаруашылық салаларын талдау қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.Бір ер бала тәрбиелеп отырған ана.
Еңбек жолын 1998 жылы Әйтеке би аудандық статистика бөлімінің экономисті болып бастаған.
2004 жылы Әйтеке би аудандық коммуналдық меншік бөлімінің бас маманы.
2005 – 2006 жылдары аралығында Әйтеке би ауданы экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.
2006 – 2008 жылдары Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.
2008 жылы Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Батыс» өңіраралық мемлекеттік және жекешелендіру департаментінің кадр жұмысының бас маманы.
2008 – 2010 жылдары Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.
2021 жылдың 30 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарып келді.





