
Ташимов Азамат Сәлімұлы
инфрақұрылымдық дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі басшысы
Өмірбаян
Ақмола облысы Зеренді ауданы Сейфуллино ауылында дүниеге келген. "Алматы экономика және статистика" академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы болып бастады.
2011 жылғы наурыздан 2014 жылғы ақпанға дейін ШЖҚ МКК «Көкшетау қалалық ауруханасында» экономист болып жұмыс істеді.
2014 жылғы сәуірден 2016 жылғы қыркүйекке дейін «Security and Safety Service» ЖШС-де бухгалтер болып жұмыс істеді.
2016 жылғы қазаннан 2017 жылғы шілдеге дейін «Astana Security Service» ЖШС-де экономист-бухгалтер болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қарашада Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды, кейін басқарма құрылымының өзгеруіне байланысты қайта тағайындалды.
2020 жылғы мамырдан бастап – өңірлерді дамыту бөлімінің бас маманы.
2021 жылғы тамыздан 2023 жылғы наурызға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы болды.
2023 жылғы наурыздан 2026 жылғы маусымға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өңірлерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) бөлімінің басшысы.



