
Нұрмагамбет Нұртас Айбекұлы
Экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1998 жылғы 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2020 жылы Ресей Федерациясы Марий Эл Республикасының Йошкар-Ола қаласындағы «Марий мемлекеттік университетін» «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметін 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында КММ «Ішкі саясат басқармасы» жанындағы Қоғамдық даму және ақпарат орталығының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінде теолог болып бастады.
2022–2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің тергеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2023–2025 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы» Діни бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және үйлестіру бөлімінің ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы» Экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы бөлімінің басшысы.
